Спорт

Жеңілатлеттер мектебі

Араға 9 жыл салып, мекемеге жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мәртебеі берілді. Бүгінде спорт ошағында 415 жеңіл атлет жүгірудің 3 түрі және секіру, үш адымдап секіруден жаттығып жүр. Тынбай жаттығудың арқасында мектеп тәрбиеленушілері бірталай жетістіктерге жетті. 6 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 31 спорт шебері мен бұндай атақтан 27 үміткер бар. Бүгінде Ирина, Евгений Эктовтардың жолын қуған жас жеңіл атлетші Диляра Абуова келешегінен көп үміт күттіреді дейді жаттықтырушысы. Ол Азия ойындарында күміс алқаны тағынған болатын. Ал шілде айында Испанияда әлем чемпионатында 10 үздік спортшы арасынан көріне білді. Диляра 13,26 мет

рге үш адымдап секіріп, жақсы нәтижеге қол жеткізіпті.

Диляра Абуова, жеңіл атлетикадан спорт шебері:
Мен спортпен 2 сыныптан бері шұғылданып келемін. Жеңіл атлетикамен айналысу үшін мектепте барлық жағдай жасалған. Сондықтан да біз осындай жақсы нәтижелерге қол жеткізудеміз.  

Жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің кірпіші қаланған күннен бері Александр Мицих спорттың бұл түріне талай жасты баулыған. Бүгінде бапкер директор қызметін атқарып отырса да, оқушыларының дайындығын бір сәтке де қалт жіберген емес.

Александр Мицих, жеңіл атлетикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Жеңіл атлетика бүгінде аудандарда да жақсы дамып келеді. Менің ойымша бұл спорттың түрі барлық елдерге әйгілі. Жақында өткен олимпиада ойындарына менің оқушыларым Ирина және Евгений Эктовтар қатысты. Бірақ олар жақсы ойын өрнегін көрсете алмады.
Әйтсе де дайындықтары жақсы болатын. Енді Диляра Абуованы жаттықтырып жатырмыз.

Бүгінде спортшылар Рио де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындық үстінде. Дүбірлі додаға 3 спортшы – Ирина мен Евгений Эктовтар және Диляра Абуова да барады деп күтілуде.

Гүлбану Ахметова