Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сафуан Шаймерденовтің туғанына 90 жыл толды



 

 

Бүгін дүйім жұрт қазақ әдебиетінде айшықты орны бар Сафуан Шаймерденовты еске алуға жиылды. Арасында жазушының туған-туысқандары, рухани серіктері мен оның шығармашылығын қастерлейтін жастар да бар. Сафун Шаймерденов арамызда жүрсе, бүгінде 90 жасқа толар еді. Әдебиеттің алып тұлғасын өз көзімен көріп, тілдескендердің бірі – ҚР құрметті журналисі Әскер Әбілқайыр. Сафуан Шаймерденовтің немере інісі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Зейнолла Әкімжанов белгілі жерлесімізді тек тұғыры биік жазушы ғана емес, адамгершілігі мол, бауырмал, кішіге қамқор жан ретінде таныған. Еске алу кешінде Сафуан Шаймерденовтың сүйіп тыңдаған әндері де шырқалды.

Данаш Хамзина