Спорт

Солтүстікқазақстандық спортшы Сергей Харламов Паралимпиада ойындарынан оралды

Сергей Харламов сұм тағдыр аяғынан шалғанымен, қиындыққа мойымай, алға ұмтылатын жігерлі азамат. Бұны ол спорттық жетістіктерімен дәлелдеп жүр. Параолимпиадалық ойындарда жүлдеге ілікпегенімен, баға жеткісіз тәжірибе жинап қайтты. Бұған дейінгі көсеткіштерін де біршама жақсартты. Лондонда жерлесіміз ұзындыққа секіруден ақтық сынға өтіп, үздіктердің 8-дігіне енген.

Сергей Харламов, мүгедектер арасында халықаралық спорт шебері:  
– Мен бапкерім мен облыс әкіміне әлемдік жарысқа қатысуға мүмкіндік жасағандары үшін алғыс айтамын. Жеңіл атлетика менің өмірге деген құлшынысымды оятты. Ел намысын қорғау мен үшін үлкен абырой болды.   

Олимпиада ойындарынан кейін мүгедектер арасында 4 жылда бір ұйымдастырылатын дүбірлі сайыс қатысушыларды үлкен әсерге бөлегені сөзсіз. Сергейдің бапкері Вячеслав Латышев әсіресе ұйымдастырушылардың жақсы дайындығын айтады.

Вячеслав Латышев, СҚО мүгедектер спортының аға жаттықтырушысы:
– Лондонда Олимпиадалық ауылда тұрдық. Жаттығу алаңы, оған жететін көлік, тіпті арнайы күзет бөлінді. Спортшыларға әзірленген дәруменге толы ас мәзірі де тіл үйіреді. Ұйымдастыру жағынан мін таппадық.  

Паралимпиадалық ойындарда 164 елден келген 4 мыңнан артық спортшы түрлі сындарда өздерінің мықтылықтарын дәлелдеді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қытай елінің спортшылары жеңіп алды. 2-ші орында ресейліктер болса, үздік үштікті алаң иелері тұйықтады. Ал қазақ елінің Ұлттық құрамасы бұл жолы елге алқасыз оралды.

Жеңіс Ермұқанов