Өнеркәсіп

“Мұнаймаш” АҚ жабдықтарын жаңғыртуда

 

 

Жаңа құрылғының өнімділігі жоғары. Мәселен мұнай сорғыштарына арналған  бөлшекті жасау үшін бұрын 80 минут уақыт жұмсалған екен. Ал енді бар болғаны 15 минут жеткілікті.

 Сергей Востриков, «Мұнаймаш» АҚ жұмысшысы:
– Құрылғымен жұмыс істеу қиын емес. Бірақ, әрине, біраз жаттығу керек. Біздің міндетіміз қажетті бағдарлама мен режимді таңдау. Қалғанын станок өзі жасайды.

Жапондық Nakamura Tome Super NTJX құрылғысы бірден 6 станоктың жұмысын атқара алады. Бұрғылау, кесу, фрезерлеу -барлық әрекеттер автоматтандырылған.

Роман Зинченко, «СОЛВЕР» ЖШҚ инженерлік-консалтингтік компаниясының жетекші маманы:
-Станок бірден 2 бөлшекті өңдей алады. Кесу жылдамдығы мен құрылғының қуаттылығы өте жоғары. Соның арқасында түрлі бөлшектерді жасауға қауқарлы.

Кәсіпорын жаңа 12 станокты «Өнімділік-2020» бағдарламасының аясында несиеге алып отыр. Жалпы құны 1 жарым млрд теңге. Заманауи құрылғылардың көмегімен зауыттағылар өнім түрлерін арттырмақ. Әуе, машина жасау салалары мен медицинада қолданылатын жаңа бөлшектерді қолданысқа шығару да жоспарда бар.

Сергей Литвинов, «Мұнаймаш» АҚ техникалық директоры:
Бұл станоктарда бөлшектерді механикалық өңдеуден өткізу уақыты 5 есеге азаяды. Құрылғымен қоса арнайы бағдарлама да келді. Оны біздің қызметкерлер игеруде. Станоктар Жапония, АҚШ және Бразилия елдерінде шығарылған. Олардың көмегімен өндіріс көлемін арттырмақпыз.

Жаңа құрылғылар өндіріске үстімізде жылдың соңында немесе 2013 жылы шығарылады деп күтілуде.

Инеш Шоқақова