ТКШ

ПИК баспаналарды қысқа әзірлеуде


 

Қыстың қамын жаз ойлайтын бұл үйдің тұрғындары аязды күндерге дайындалуға мамыр айында-ақ кіріскен. Пәтер иелері кооперативінің төрағасы тұрғындардан ақша жиып, қаржыға тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жертөлені қалпына келтіріп, үйдің қабырғасын сылаған. Оған шамамен 70 мың теңге жұмсалыпты. Баспана жылы болуы үшін жылу құбырлары жуып-шайылды. Жақын арада қысқа дайындықты растайтын құжатты да қолдарына алмақ. Жалпы аязды күндерге 99 пайыздай әзірміз дейді Фарит Халитов.

 Фарит Халитов, «Вита» ПИК төрағасы:
-Біздің жертөледе 1 тамшы су жоқ. Жыл сайын жөндеп, қысқа дайындықты ерте бастаймыз. Барлығын өз күшімізбен жасаймыз. Үйдің жылы болуы әрбір адамның өз қолында деп ойлаймын. Үйдің иесі қандай болса, баспана да сондай болады. Сондықтан аязды күндерге ерте дайындалып, сақадай сай болған жөн.

Алма Құсайынова да кооператив төрағасының бұл ойымен келісіп отыр. Ол Васильев көшесіндегі 18-ші үйде 15 жыл тұрып келеді екен. Бастысы тұрғындардың өздері жөндеу жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарайды дейді пәтер иесі.

 Алма Құсайынова:
– КСК-мыз жақсы жұмыс істеп жатыр. Есік алды бәрін жинап тұрамыз өзіміз. Жабылып, көмектесеміз КСК-ға. Қыста үйіміз жылы болады.
Жылу жағынан ерте дайындаламыз.

Васильев көшесіндегі 18-ші үйдің тұрғындары келесі жылы есептегіш құрылғы орнатуды көздеп отыр.

Айдана Демесінова