Діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтіп жатыр

Қоғам

14:46 13 Қыркүйек 2012



Өңірдегі діни ұйымдар жаңадан қабылданған “Діни қызмет және діни бірлестіктер” туралы заңға сәйкес қайта тіркеуге тұрып жатыр. Бұл үрдіс өткен жылдың қазан айында басталған болатын, бірлестіктерге құжаттарын рәсімдеу үшін бір жыл уақыт берілді. Енді қазанның 24-іне дейін қайта тіркеліп үлгермегендердің қызметі толығымен тоқтатылмақ. Ал дінді уағыздау әрекеттерін жалғастыруды мақсат еткен бірлестіктер тиісті құжаттарды жиып, әділет департаментіне әкеліп тапсыруы қажет. Петропавл-Булаев епархиясының басшысы епископ Гурий діни ұйымдарды қайта тіркеуге тұрғызу шарасын қолдап отыр. Ең дұрысы – заңның қорғауында болып, тек заңға сәйкес жұмыс жасау дейді епископ.

епископ Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының басшысы:

– Епархияның қарауында 40 шіркеу бар. Олардың барлығы құжаттарын тапсырып жатыр. Маған әкелген құжаттарға қолымды қойып, қайта тіркеуге жөнелтудеміз. Нәтижесі соңынан белгілі болады.

Жалпы белгіленген мерзімге дейін облыс бойынша 73 діни ұйым қайта тіркелуі тиіс.

Данаш Хамзина