Қоғам

Әйелдердің қоғамдық белсенділігін қолдау

 

 

Бүгінгі дөңгелек үстел де гендерлік теңдік тақырыбына арналды. Түрлі салада табысты қызмет ететінқыз-келіншектер елдің қоғамдық-саяси өмірінде аса белсенді. Сондықтан жиында осындай әйелдерге қолдау жасау мәселесі кеңінен талқыланды. Маңызды ұсыныстар айтылып, келелі ой қозғалды.

Гүлмира Кәрімова, № 17 ұлттық өркендеу мектебінің директоры:
– Мен 2 жыл бойы іскер әйелдер қауымдастығының құрамындамын. Әр нәзік жан өз саласымен қатар елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласуы тиіс деп ойлаймын.

Мемлекет тарапынан іскер әйелдерге көрсетілетін қолдау мықты дейді жиынға қатысушылар. Дегенмен бұл бағытта әлі де жұмысты жалғастыру қажет. Алдымен өз-өзіне сенімді нәзікжандылардың қатарын арттыру керек дейді облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

Бақытжан Сәмиева, СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
-Қарашаның 23-і күні Еуразиялық саммит өтпек. Соған баратын   іскер әйелдерді таңдаймыз.

Әйелдердің Еуразиялық саммиті маңызды шара болады деп күтілуде. Сондықтан солтүстікқазақстандық нәзікжандылар оған барынша дайындалмақ.

Инеш Шоқақова