Әр түрлі

“Башқұрт балы” көрмесі


 

Аралар 28 гр бал жинау үшін ұя мен гүл арасында 1600 рет қатынайды екен. Олардың қажет болса, омартадан 6 шақырымға дейін ұзап кетіп, бір күнде 225 мың гүлге қонатыны анықталыпты. Сондай-ақ ара өз салмағынан 330 есе ауыр жүк арту қабілетіне ие.   Бұл құпияны «Пасека Ивановых» омарташылары жақсы біледі. Олар 25 жыл бойы табиғи таза жерлерде бал алумен айналысады. Енді міне тәжірибелі омарташылар жинаған шипалы өнімнің дәмін тату мүмкіндігі петропавлдықтарға да бұйырды.

Алена Тупикина, «Башқұрт балы» көрмесінің сатушы-кеңесшісі:
Мәселен, мына «Патша барқыты» балы өте жұмсақ әрі тез ериді. Оны негізінен есте сақтау қабілетін арттыруға, өкпе қабынуында, ұйқысыздық, бронхит ауруларында қолдануға кеңес береміз. Әсіресе, балалардың пайдалануына болады.

Қарақұмық, жөке ағашы, прополисты және жабайы бал. Барлығы көрмеге ара өнімінің 17 түрі қойылған. Бағасы да сан түрлі. Ең арзан балдың келісі – 1300 теңге. Ал қарағай-самырсын орманында алынған  балдың 1 килограмы 6 250 теңгеге түспек. Оның қымбат болуының өз себебі бар. Өйткені балдың құрамына араның уы енген. Яғни ол қан қысымы, буын, тыныс жолдары ауруларына шипа болмақ.

Алена Тупикина, «Башқұрт балы» көрмесінің сатушы-кеңесшісі:
Әр балдың өз ерекшелігі бар. Ең талғампаз сатып алушылардың да таңдау жасау мүмкіндігі кең. Адамның денсаулығына, қалауына сай бал алуына көмек беруге дайынбыз.

«Башқұрт балы» көрмесіне келушілер үшін балдың дәмін татып, өз таңдауын жасау тегін. Көрме қыркүйектің 18-не дейін жалғаспақ. Қуаты жоғары азықты аламын деушілерді кеңесшілер «Түркістан» мейрамханасы, «Айналайын» балалар саябағында күтпек.

Инеш Шоқақова