Көлік және жолдар

Петропавлда жолдар қалпына келтіріліп жатыр

 

 

Пушкин көшесінің бойында жол жөндеу жұмыстары 1 апта бұрын басталған. Қазір мұнда 24 техниканың күші жұмылдырылыпты. Жолдарды қалпына келтіруге «СУ-808» және «Норд жолдары» ЖШС-нің 28 жұмысшысы кірісіп кеткен. Владимир Миронов тас жол төсеумен айналысатын тәжірибелі маман. Бұл істе 15 жылдық еңбек өтілі бар.

Владимир Миронов, «Норд жолдары» ЖШС жұмысшысы:
– Жұмыс жақсы жүріп жатыр. Техникамыз жаңа. Тұрғындардың жүруіне қолайлы болу үшін барынша тез жұмыс жасауға тырысудамыз.

Жалпы аумақ – Абай көшесінен Набережнаяға дейінгі Пушкин көшесінің өне бойы. Жұмыс көлемі ауқымды. Сондықтан жаңа тас жол төсеу жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғаспақ.

Виктор Ли, «СУ-808» ЖШС директоры:
– Жолдарды жөндеуге «Жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 300 млн теңгедей қаражат бөлінді. Жаңа коллектор салынғаннан кейін тұрғындарға қатынау қиын болған. 66 шаршы метр асфальт-бетон төсеу қажет.
Ауа райы қолайлы болса, жұмысты дер кезінде аяқтаймыз.

Кедір-бұдыр шұңқырларға толы жолдармен жүруге көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілер де жалыққан. Жаңа тас жол діттеген жерімізге уақытында жетуге қолайлы болмақ дейді тұрғындар.

Бұрындары қиын болатын. Енді жаңа жол төселініп жатқанын көріп қуанудамыз.
Бұрын мына жолдармен жүру мүмкін емес еді. Айналып, біраз уақыт жұмсайтынбыз. Енді жақын арада жаңа жолды сынап көруге асықпыз.
Жолдардың жөнделіп жатқандығы қуантады. Дегенмен сапасына мән берілсе дейміз. Сонда бұл жол біраз уақыт бойы қызмет етпек.  

Инеш Шоқақов