Спорт

Болашақ теміржолшылар жеңілатлетші Татьяна Юрченкомен кездесті



 

Татьяна Юрченко бес жылдан бері жеңіл атлетикамен әуестеніп келеді. Бүгінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің үшінші курсында оқитын спортшы республикалық және халықаралық жарыстарда бағын сынап, жүлделі оралып жүр. Жас спортшының айтуына қарағанда, жетістікке жету үшін үздіксіз жаттығулар жасап, көп еңбектену қажет.

Татьяна Юрченко, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының қола жүлдегері:
Мектепте оқып жүрген кезімде дене шынықтырудан тапсырған нормативтер бойынша 1000 метрге жүгіруде бірінші болып келдім. Кейіннен аудандық жарыстарға қатысып жүрдім. Облыстық сайыста бесінші болдым. Әрбір спортшының мақсаты – олимпиада ойындарына қатысу, мен де келесі олимпиадаға бару үшін дайындалып жатырмын.

Петропавл темір жол көлігі колледжінің студенттерімен кездесу «Денсаулық фестивалінің» аясында өткізіліп отыр.

 Ғалия Жаманкина, №2 қалалық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері:
– Көптеген аурулардың алдын алу үшін осы дене шынықтырудың қаншалықты жақсы әсері бар, соған жастардың көзін жеткізу. Сол мақсатта облысымызда белгілі жас спортшы, жеңіл атлетикадан Юрченко Татьянаны шақырдық. Осы спортшы қызбен кездесу арқылы жастардың дене шынықтыруға деген ынтасын жігерлендіру.

Шри-Ланка аралының Колумба қаласында өткен Азия чемпионатында Татьяна 800 метрлік ара қашықтықты жүгіруде қола жүлде иегері атанған болатын. Ал 100 метрлік 4 айналымда жас спортшы алтынды қанжығасына байлаған.

Әспет Әбдірешова