Аптадағы маңызды жаңалықтар

Үкіметтің кезекті отырысы

 

 

 

Қазір қолданыстағы төтенше жағдайлар туралы хабарландыру жүйесі өткен ғасырдың 70-ші жылдары енгізілген болатын. Яғни оның ескіргені айтпаса да түсінікті дейді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко. Алдағы 2 жылда оны күрделі өзгерту көзделіп отыр. Елді мекендерге ерекше көңіл бөлінбек. Бұл үшін жергілікті Киров атындағы зауытта арнайы құрылғы жасалынуда. Ол республика бойынша қолданылатын болады. Жиында қаралған 2- мәселе – табиғи монополиялар субъектілерінің қаражатты тиімді пайдалануын бақылау. Биыл барлығы тарифті көтеруге қатысты 334 ұсыныс бекітіліпті. Селекторлық отырыста оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мәселесі де назардан тыс қалмады. 2016 жылға дейін тың әдістемелік құралдар шығарып, бағалау жүйесі де жаңғыртылмақ. Қосымша білім беруге көңіл бөлінетін болады. Қазіргі таңда оқушылардың 21 пайызы ғана қосымша біліммен қамтылыпты. Селекторлық байланыс үзілген соң, аталмыш істердің өңірімізде атқарылуы талқыланды. Серік Біләлов күн тәртібіне қойылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Тиісті ведостволар іс-шаралар тізімін жасауы тиіс. Кейін оны кезең бойынша іске асыратын боламыз. Елді мекендерді анықтап, жыл соңына дейін келісімшарттар жасау қажет.

Инеш Шоқақова