Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары қылмыстың алдын алу шараларын жүргізуде

 

 

Полиция қызметкерлері Петропавлдағы ойын-сауық орындарын аралап, иелеріне арнайы плакаттар, буклеттер, стикерлер таратуда. Тәртіп сақшылары бұл плакаттарды келуші адамдарға көрінетін жерлерге іліп, буклеттер мен ескертпелерді әрбір үстелге қоюды ұсынды.

Асан Смағұлов, Петропавл қалалық ІІБ-ның әкімшілік полиция бөлімінің бастығы:

– Петропавл қалалық ІІБ-сы қала әкімдігімен бірлесіп қылмыстардың алдын алу бойынша ойын-сауық орындарының иелерімен меморандум жасады. Үгіт насихат парақтары ойын-сауық құру орындарында орналастырылуда. Бұл плакаттар мен буклеттерде ұялы телефон ұрлықтары және басқа да мүліктік қылмыстардың құрбаны болмаудың жолдары көрсетілген.

Тәртіп сақшыларының бұл жұмысын дәмхана иелері де қолдап отыр. Сонымен қатар полицейлер алдын алу жұмыстарын қаланың оқу орындарында да белсенді өткізуде.

Александр Рязанов, Петропавл қалалық ІІБ-ның кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторы:
-Ұялы телефон, ақша ұрлықтарыны алдын алу тақырыбы бойынша оқушылар арасында арнайы лекциялар өткіземіз. Қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіреміз. Сонымен қатар ата-аналарды өз балаларымен үйлерінде алдын алу әнгімелерін өткізуге, қылмыстық, әкімшілік жауапкершілік бар екенін түсіндіруге шақырамыз.  

 

Бұдан бөлек, полицейлер ішкі істер органдарында тіркеуде тұрған жасөспірімдер мен ата-аналарды мекен-жайлары бойынша тексеріп, күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Петропавл қалалық ІІБ-ның басшылығы бұндай кешенді алдын алу шаралары мүліктік қылмыстардың санын азайтуға мүмкіндік беретініне сенімді.

Әспет Әбдірешова