Қайырымдылық

Қариялар мен мүгедектерді қолдау айлығы

 

 

 

Қарттар күніне байланысты жыл сайын қазанның бірінен әлеуметтік қолдау көрсету айлығы бастау алады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы уақытта түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Мәселен, жалғыз басты қарттарды құттықтау үшін жастар ұйымдары, студенттер мен мектеп оқушылары тартылмақ.

Мереке Мұхамедьяров, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
-Қарттар кездесулерге шақыртылып, концерттерге апарылатын болады. Қаламызда 100 жасқа толған 9 қарияны да арнайы құттықтамақпыз. Ауғанстанда, Чернобыльда болғандарда елеусіз қалмайтын болады.  

Психоневрологиялық ауруларға арналған интернатта тұратын мүмкіндігі шектеулі азаматтар да назарсыз қалмайды. Оларға мерекелік шаралар мен материалдық көмек көрсету көзделген. Сонымен қатар дәстүрге сай қазанның бірінде зейнеткерлер қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүре алады.

Мереке Мұхамедьяров, Петропавл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы:
– Қалада 10 мыңнан астам кісілер өздері еңбек еткен жерлерінен зейнеткерлікке шыққан. Оларға да көп көңіл бөлініп отыр. Оларға бір ай ғана көмектесіп қана қоймаймыз. Жылдың басынан бері жұмыс істеудеміз.

Облыс орталығында бүгінде 37 мың зейнеткер тұрады. Тағы 10 мың мүгедекке жәрдемақы төленуде. Айлық аясында бұл жандарға көмектесу үшін 15 қыркүйекте қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылмақ. Тазалық шарасы барысында 40 млн теңгедей жинау жоспарланған. Бұл қаржы толықтай қарттар мен мүгедектерге жұмсалатын болады.

Гүлбану Ахметова