ТКШ

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша өңірлер сапалы ауыз сумен қамтылуда

 

 

Биыл өңіріміздің 14 елді мекеніне ауыз су тартылып, 6 ауылдағы су өткізу желілерін жетілдіру жоспарланған. Қазірдің өзінде 51,8 шақырым желі қалпына келтірілген.  

 

Ратмир Усманов, СҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары:
– Бөлінген қаражатқа 265,8 шақырым су тарату желілері салынып, қалпына келтірілді. М.Жұмабаев ауданында 67 шақырым топтық су тарату желілері жаңартылды. 13 елді мекендегі 72,7 шақырым желі қалпына келтірілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңіріміздегі 14 мыңдай тұрғыны бар 10 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылған. Тағы да 5 ауылда су өткізу желілері жетілдіріліпті. Биыл да «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша тозығы жеткен су желілерін жөндеп, шалғай аймақтарға тіршілік көзін тарту жоспарланып отыр.

Ратмир Усманов, СҚО құрылыс басқармасы бастығының орынбасары:
– Биыл су тарату нысандарын қалпына келтіруге 6,6 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 4,8 млрд теңге республикалық, ал 189 млн-ы облыс қазынасынан қарастырылды. 

Қазірдің өзінде 51,8 шақырым су тарату желілері қалпына келтірілді. Сондай-ақ Булаев, Соколов топтық су тарату желілері мен Петропавл гидроторабын жөндеу жалғаспақ. 20 мыңнан астам тұрғыны бар 6 ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізетін болады. Қызылжар ауданының да бірқатар елді мекендерінде бұл жұмыс қарқын алған. Белое селосында жаңа құдықтар орнатылса, жақын арада су мұнарасы салынбақ.

Инеш Шоқақова