ТКШ

Коммуналдық қызметтерге тұрғындар 211 млн теңге қарыз


 

Сот орындаушылары алдымен М.Жұмабаев көшесі, 113 мекенжайындағы тұрғын үйдің есігін қақты. Бұл пәтер иесінің коммуналдық төлемдер үшін жиналған жалпы қарызы – 150 мың теңге. Баспана есігін біраз уақыттан кейін үй иесінің ұлы ашты.

 Егер қарыз иелері берешекті өтемей, жағдайды ушықтыра түссе, пәтерлерінен айырылып қалуы ғажап емес дейді сот орындаушылары.

Юлия Башкатова, СҚО сот актілерін орындау департаментінің Петропавл №2 аумақтық бөлімінің сот орындаушысы:
– Дәл қазіргі уақытта коммуналдық төлемдерін өтемегендердің ісі бойынша 10 пәтер саудалануда. Егер басқа борышкерлер де тиісті төлемақы берешектерін жаппайтын болса, пәтерлерін сатуға қоямыз.  

Үстіміздегі жылдың 7 айы ішінде сот орындаушыларының қатысуымен 54 млн теңге қарыз өтелген. Дегенмен борышкерлердің саны мұнымен азаяр емес. Облыс бойынша өтелмеген коммуналдық төлемдер 211 миллион теңгеге жеткен. Мысалы, Хименко көшесі,2 мекен-жайының 88 пәтері иесінің қарызы 200 мыңнан асып жығылыпты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары мен сот орындаушылары солтүстікқазақстандықтарды келеңсіздіктер орын алмауы үшін қарыздарын уақтылы төлеп отыруға шақырады.

Әспет Әбдірешова