Балалар

“Жас Отан” мен “Жасыл ел” сенбілік өткізді

 

 

5 жылдан бері тазарту жұмысы жүргізілмеген аумақта қамыс қопасы өсіп, өрт қауіптілігі артқан. Соған байланысты зағиптар қоғамының өкілдері жастардың көмегіне жүгініпті.

Мұса Танақұлов:  

 

– Бүгінгі сенбілікке барлығы әртүрлі жастар ұйымдарының 20-дан артық белсенділері атсалысуда. Бұл тек игі істің бастамасы ғана деп ойлаймын.  

Қолдарына сыпырғыш, тырма, күрек алған жастар зағиптар қоғамы үйінің аумағын тазалауға кірісіп кетті. Жұмысқа ерекше ниет білдіріп, зор ықыласпен кіріскендердің қатарында Әлия Қосмағамбет те бар.

 Әлия Қосмағамбет, «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі:

-«Ауылына қарап – азаматын таны» деген сөздердің түп төркіні әр елді мекеннің ажары, оның әрбір тұрғынының келбеті деп ойлаймын. Сондықтан мұндай іске қатысу мен үшін қуаныш.

Солтүстікқазақстандық жастардың көмек қолын созып, аумақты тазартуға атсалысқандарына зағиптар қоғамының мүшелері зор алғыстарын білдіруде.

 Шаншар Жекеев, “Қазақ зағиптар қоғамы Петропавл  өндірістік кәсіпорны” ЖШС директоры:

– Зағиптартар қоғамы басшылығының және коллективтің атынан бүгінгі акцияға қатысып жатқан жастарға рахметімді айтқымыз келеді.

Игі іс-шарада жастар ұйымымен қатар «Коммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны да белсенділік танытты. Кәсіпорын сенбілікке қатысушыларды қажетті техникамен қамтамасыз етті. Алдағы уақытта жасотандықтар қаламыздың бірнеше жерінде көріктендіру жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр.

Әсел Күшенғалиева