Білім

«Тіл-халық жанын танудың кілті»



 

Қалалық байқауға 14-22 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдері қатысып отыр. Ұйымдастырушылар осылайша мемлекеттік тілді меңгерген жастарды қолдап, тіл мәдениетінің деңгейін көтеруге атсалысамыз дейді. Айназик Медербекқызы бұл сынға 1 ай бойы дайындалыпты. Ұлты – қырғыз, қазақ арасында жүргесін тілді де жетік меңгерген. Айназик байқауға алғаш рет қатысып отыр. Жарыс болғасын жүйрік озады. Жеңістен үміттімін дейді. Ал, Жан Соколовский қазақ тіліне мектеп табалдырығын аттағаннан бері ден қойған. Мектепті тек үздік бағамен оқып жүрген ол бас жүлдеден дәмелі екенін жасырмайды. Бүгінгі байқауға 18 ұлттың өкілдері қатысуда. Олар 3 кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Бұл сынға қазақ мектептерінде және ЖОО мемлекеттік тілде білім алатын және бұрын осындай сайыстарда өз бағын сынаған жастардың қатысуына  болмайды дейді ұйымдастырушылар. Сыннан сүрінбей өткен жас – облыстық байқауға жолдама алады.

 Гүлбану Ахметова