Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда өткен үшкүндік семинарда этносаясат мәселелері талқыланды

 

«Қазақстандағы мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру және этноконфессиялық қатынастарды реттеу» тақырыбындағы аймақтық семинар-тренингтер елдің түкпір-түкпірінде өтуде. Солтүстік өңірлер де бұл шарадан шет қалмады. Петропавлда өткен 3 күндік семинарға Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесімен айналысатын азаматтары қатысты.

Айбек Хоршат , Ақжар ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы:
-3 күнгі семинарда біз өзімізге бір жақсы тың мағлұматтар алдық. Елбасының қазіргі жүргізіп жатқан саясаты дұрыс екендігі бүгінгі семинарда тағы да дәлелденді. Мұндай семинарлар ұдайы жылына 1 рет өткізіліп тұрса жақсы болар еді.  

Семинардың соңғы күніне «Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының 19 сессиясындағы баяндамасының аясындағы этносаясат пен қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелері» тақырыбы арқау болды. Мұнда еліміздегі білім және ғылым, жастардың тәрбиесі жайына үлкен мән беріліп, жиылғандар осы төңіректе пікір алмасты

Анатолий Башмаков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-Мәскеуде оқығандар бізге келіп нострификация үрдісінен өтуі тиіс. Бізде барлығы бірдей емес пе?! Ал бұл жұмыс жарты не бір жылға созылуы мүмкін. Көпшілігі осыдан қорқады. Сондықтан да Ресей қалаларында да мүмкіндік болса, кандидаттықты, докторлықты қорғау қажет.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұратын әрбір ұлттың өз мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін ұмытпауы үшін барлық жағдай жасалған. Ендігі міндет – еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің бірігіп жұмыс істеуі арқылы ортақ Отанымызды өркендету, дейді семинардың соңғы күнінде дәріс оқыған Нәзипа Шанаи

Нәзипа Шанаи, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының сектор меңгерушісі:
-Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған ең үлкен мақсаттың бірі – Қазақстанның индустриалдық даму жолындағы жоспарын жүзеге асыру. Идеологиялық бағытты алатын болсақ, бизнес өкілдерінің  қоғам алдындағы  жауапкершілігін арттыру. Қазақстандағы тіл  саясатының бүгінгі таңдағы деңгейі және қоғамның алдында қойған мәселелері, соның шешу жолдарын осындай ортақ қоғамда талқылап, оның ары қарай дамуы үшін қажетті іс-шараларын белгілеп алуы үшін ұйымдастырылып отыр.

Жиын соңында семинарға қатысқан 80 азамат арнайы сертификатқа ие болды.

Айдана Демесінова