ТЖ

Өрт сөндіру көлігі жүргізушілерінің байқауы

 

 

Көлік жүргізуші қызметі қауіпті әрі аса зор жауапкершілікті талап ететін мамандық. Осындай міндетті өрт сөндіру қызметінде арқалап жүрген жандар бүгін өзара сайысқа түсті. Олар ауданаралық жарыстарда топ жарған кәсіпқой жүргізушілер. Сөйтіп жарыс жолына барлығы 4 өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі шықты.

Еркін Мәжитов, Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары басқармасының бастығы:
-Бұл шараны жыл сайын өткіземіз. Өйткені біздің жүргізушілеріміздің дәрежесін көтеру керек. Практикалық жағынан да, теориялық жағынан да. Бүгінгі жарыс екі кезеңнен тұрады. Яғни біріншісі әр ауданның өздерінде болды. Екінші этап бұл практикалық, яғни бүгінгі маневрлік жылдам жүргізу. Мақсат сол жүргізушілердің дәрежесін көтеру, өйткені олардың қызметтер өте күрделі.

Бұл сында көлік жүргізушілеріне жүктелген басты міндет – жолдағы кедергілерді жылдам өтіп, төтенше жағдай орын алған жерге уақытында жету. Қайрат Бимағамбетов 2007 жылдан бері өрт сөндіру көлігін жүргізіп келеді. Аудандық жарыста жеңіске жеткен оның бүгінгі дайындығы да жаман емес.

 Қайрат Бимағамбетов, №9 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, Аққайың ауданы:
– Өртке қарсы қызметте 1999 жылдан бері қызметі етіп келемін. 2007 жылға дейін өрт сөндіру қызметкері болдым. Жұмысым өзіме ұнайды. Әрине қиындықтар да жоқ емес.

2005 жылдан бері дәстүрге айналған жарыста үздік өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі болып Айыртау аудандық №7 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Ерлан Торғаев танылды.

Әспет Әбдірешова