Қоғам

Солтүстік Қазақстан және Омбы облыстары спорт саласында да ынтымақтастықты дамытпақ

Кездесу облыстық спортқа дарынды балаларға арналған интернатта өтті. Бұл аймағымызға танымал ең үлкен спорт кешендерінің бірі саналады бүгінде. Білім ордасында 250 бала спорттың 9 түрінен жаттығады. Грек-рим күресі, еркін және қазақша күрес, дзюдо, бокс, тағы басқалары. Омбылық қонақтар спорт мектебінің ғимараттарын аралап, оқушыларға жасалған жағдаймен танысты.Ағымдағы жылы мектеп асханасында күрделі жөндеу жүргізілген. Айта кететін жайт, балалар мұнда 6 мезгіл тамақ ішеді. Медициналық пункт жұмыс істейді. Спорт-интернаттың 50 жылдығына орай мұражай да ашылыпты.

Константин Подбельский, Омбы облысы дене шынықтыру және жастар спорты бойынша министрдің орынбасары:
-Біздің Омбы облысында өкінішке қарай мұндай спорт интернаты жоқ. Бірақ, жоспарда бар. Сіздерде спортшыларға барлық жағдай жасалып жатқаны қуантады. Осында тәрбиеленіп жатқан жастар болашақта Қазақстанның намысын халықаралық дәрежеде қорғайтыны сөзсіз.  

Дөңгелек үстел басында екі жақтың өкілдері спортты дамыту үшін тығыз әріптестік қарым-қатынас орнату керектігін де айтты.

– Біз өзара әрптестік орнатпай дене шынықтыру және спортты дамыту оңай емес деп ойлаймын. Жиында көп мәселелердің басын қайырдық. Енді тығыз байланыста болып, келіскен істерді бірге жүзеге асырамыз.  

Омбы қаласында жақында велотрек кешені салынбақ екен. Бұл жаңалық солтүстікқазақстандықтарды қызықтырмай қоймады. Өйткені спорттың бұл түрі бойынша облыс әлемге танылған.

Руслан Есеналин, СҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы:
– Бізді спорттың қысқы түрі қызықтырып отыр. Ол Омбыда жақсы дамып келеді. Болашақта әріптестік қатынастарды дамытып, тәжірибе алмасамыз. Бапкерлермен де алмасуды көздеп отырмыз.

Екі жақ серіктестікті шыңдайтын келісімге қол қойып, тарқасты.

Гүлбану Ахметова