Қоғам

Ұлтаралық мәселелерге арналған семинар-тренинг


 

Облыстық Қазақстан Халқы ассемблеясына этнос және конфессияаралық қатынастарды реттеумен айналысып жүрген ұйымдар мен орталықтардың өкілдері жиналды. Аталмыш семинар-тренингтің Солтүстік Қазақстан облысында өткізілуі тегін емес. Бұған өңірімізде 120-дан астам ұлт пен ұлыстың бір шаңырақтың астында ынтымақта өмір сүріп жатқандығы себеп болған. Маңызды жиынға қатысушылар елімізде орныққан түсіністіктің тамырын тереңдете түсу керек дейді. Мұндай ауқымды семинар ел көлемінде алғаш рет өткізіліп отыр. Дәл осындай кездесулер бұған дейін еліміздің 4 облысында ұйымдастырылған. Семинар-тренинг үш күнге жалғаспақ. Оның барысында дәріс-әңгімелесулер, пікірталастар, практикалық сабақтар мен дөңгелек үстелдер жоспарланған.

Әспет Әбдірешова