Қоғам

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбындағы интерактивтік дәрісі



 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық студенттерге дәрісін Назарбаев Университетінде оқыды. Президент осы жерде жаңа “Білім” телеарнасының тұсауын кесіп, дәрісін білім мен ғылымның маңызынан бастады. Елбасы өз сөзінде Қазақстанның дамуына тоқталды. Тәуелсіздік жылдарында талай жетістікке жеттік. Ендігі кезекте, әлемдегі мықты мемлекет, бәсекеге қабілетті ел болу үшін қатарға оқымысты азамат, білікті маман қосылып отыруы қажет. Дарима Рахмет СҚМУ-дың оқуда алғыр, қоғамдық жұмыста белсенді студенттерінің бірі. Дарима бүгінде жастардың толыққанды білім алып, жан-жақты жетілуіне университетте барлық жағдай бар, елдің едәуір дамығанын осыдан байқауға болады дейді. Президенттің дәрісін М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студентері ұйып тыңдады. Оқытушылар мен білім қуған жастар Елбасы қойған міндеттерді орындау  азаматтық борышымыз деп ұғуда.

Данаш Хамзина