Қыркүйектегі ауа райы

Әр түрлі

13:50 4 Қыркүйек 2012

Қоңыр күздің алғашқы айы жауын-шашын мен суықты ала келді. Тұман аралас дымқыл ауа райы әсіресе ала жаздай отыны мен шөбін жинап үлгермеген жандар үшін қолайсыз болмақ. Өйткені синоптиктердің айтуына қарағанда мұндай күндер ай бойы сақталуы мүмкін.

Гүлзат Ғазизова, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы:
Айдың алғашқы онкүндігінде, яғни 5-6 қыркүйек күндері ауаның температурасы түнде 2-7 градусқа төмендейді. Жетісінен бастап түнде 4-9 градусқа дейін жылиды. Кей жерлерде сынап бағанасы 0-ді көрсетеді.

Синоптиктердің айтуына қарағанда табиғаттың қандай тосын мінез танытарын дөп басып айту қиын. Екінші онкүндікте де күн райы құбылмалы болып, кей жерлерде сынап бағанасы 18-19 градусқа дейін көтерілсе, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Гүлзат Ғазизова, «Қазгидромет» РМК СҚО бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы:
Соңғы онкүндікте ауаның температурасы түнде 0-5 градусқа жылы болса, күндіз 19-24 градусқа дейін жылынады. Осы айдағы жауын-шашын мөлшері де нормадан артық.  

Сондай-ақ айдың екінші онкүндігінің аяғы мен үшінші онкүндіктің басында қар аралас жаңбыр жауады. Тарих беттеріне үңілсек, осыдан тоғыз жыл бұрын үшінші қыркүйек күні сынап бағаналасы 34 градусқа дейін көтерілсе, 1955 жылы 6 градусқа дейін суық болған.
 

Әспет Әбдірешова