Құқық қорғау органдары

Алаяқ әйел балабақшадағы орынды “сатқан”



 

Полицияға екі қала тұрғыны келіп алданып қалғандарын айтады. Оқиға былай өрбіген: сәбилерін балабақшаға орналастырмақшы болған әйел адамдар газеттен «Балабақшада орын беремін» деген хабарландыруды көреді. Көрсетілген ұялы телефон нөміріне қоңырау шалып, ақпар таратушымен кездеседі. Күдікті басқа қалаға көшуіне байланысты қаладағы балабақшалардың біріне баратын баласының орны бос қалды. Бірақ ақысын алты айға төлеп қойып едім, сол соманы берсеңіз, балаңызды орналастырамын деп айтқан. Осыдан кейін жәбірленуші қолындағы 30 мың тенгесін бере салған.

Сергей Коняхин, Петропавл қалалық ІІБ 1-ші полиция бөлімі бастығының орынбасары:
Ақшаны алған сезікті қажетті құжаттарды жинау керектігін айтып, бірнеше күннен кейін кездескесін балаңызды балабақшаға апаруға болады деген. Бірақ уақыт өткен соң күдікті де жоқ, телефоны да өшірулі.

Ал алаяқтың алдауына түскен тағы бір әйел 40 мың теңгесінен айрылыпты. 1-ші полиция бөлімінің тәртіп сақшылары іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті әйелді құрықтады.

Күдікті:

-«Квартал» газетіне хабарландыру бердім, содан кейін екі әйел хабарласты, солардан ақша алдым. Алдын ала төлеп қойдым деп бір айға 9 800 теңгеден 4 айға көбейттік.

Ұсталған әйел несие төлейтін ақшасы болмаған соң осындай қылмысқа баруға тура келді деген уәж айтуда. Қазір жәбірленушілердің ақшасы жартылай қайтарылған. Сезікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Данаш Хамзина