ТЖ

Синоптиктер ауа райы күрт суытады деп хабарлайды



 

Қыркүйек айы жауын-шашынын ала келді. Ауа райын болжау орталығы мамандары ызғарлы күндер сәрсенбіге дейін сақталады дейді. 5-6 қыркүйек күндері облыс аумағында кей жерлерде сынап бағанасы минус үшке дейін төмендеуі мүмкін. Оның үстіне жел де күшейеді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 17-22 метрге дейін жетеді. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл күндері адамдар аса сақ болуы керек деп ескертеді.

 Евгений Журавлев, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД бас маманы:
– Осыған дейін қатты желдің екпінінен билбордтар мен спутниктік антенналардың ұшып кеткен кездері болған. Дауылдың алдында осындай дүниелерді тексеріп, елді мекеннің сыртына шыққанды доғара тұрған дұрыс.  

Құтқарушылар төтенше жағдайларды ауыздықтауға барынша дайынбыз дейді.

 Евгений Журавлев, ҚР ТЖМ СҚО ТЖД бас маманы:
– Жеке тұрғын үй иелеріне суағарларды қарап, қажет болған жағдайда тазалау артық етпейді.
Жеке пәтер иелері коопертивтері мен көпқабатты үй тұрғындарына астыңғы қабаттарға су өтпеуін тексеру қажет. Сондай-ақ, көлік жүргізушілеріне де жолда мұқият болған жөн.

Төтенше жағдай болып қалса, көмек сұрап 112 номеріне хабарласуға болады.

 

Әспет Әбдірешова