Қоғам

“Барс” сапа байқауына қатыспақшы


 

“Барс” арнайы күзет агенттігі өз жұмысын 1999 жылы бастап кетіпті. Араға 10 жыл салып, еліміздің күзет ұйымдарының арасында ең үздік атанды. Әлі де қазақстандық сақшыларды даярлайтын үздік әрі ең ірі серіктестік саналады. Енді агенттік өз мүмкіндіктерін “Алтын сапа” байқауында сынап көрмекші.

Олег Ксенев, “Барс” арнайы агенттігі ” ЖШС директорының орынбасары:
– Біз байқаудың облыстық деңгейіне қажетті құжаттарды жөнелтіп қойдық. Қызметіміздің сапасына кепілдік береміз.
Біздің тарапымыздан міндеттер мүлтіксіз орындалады. Бұған жыл сайын күзететін нысандар қатарының артып келетіні дәлел.  

Бүгінде барстықтар өңіріміздегі 60-тан артық стационарлық және дабылқаққыш орнатылған 600-ге жуық нысанның сақтығын күзетеді. Бұл жұмыстарға 400-ге тарта күзетші жұмылдырылады екен. Агенттіктің күзетші мамандығына даярлайтын арнайы оқу орталығы бар. Осы арада қызметкерлерге біліктілігін арттыру мүмкіндігі жасалған. Техникалық паркі де озық үлгідегі көлікке толы.

Олег Ксенев, “Барс” арнайы агенттігі ” ЖШС директорының орынбасары:
Біз бірінші болып күзет қызметіне “GPS” спутниктік навигатор жүйесін енгіздік. Бұл қызметкерлердің жұмысын бақылауда таптырмас көмекші. Мобилді мотоциклдар тобын тұңғыш болып біз қолдана бастадық. Бұл жаңашылдық дабыл қағылғанда оқиға орнына жылдам жету мақсатында алынды.  

Тың бастамалар өз жемісін беруде. Заманауи арнайы жабдықтармен қаруланған серіктестік қызметкерлерінің белсенділігінің арқасында жыл басынан 40-қа тарта қылмыстың беті ашылды.

Жеңіс Ермұқанов