Қайырымдылық

Қан орталығындағы акция

 

 

Игі іске бел буған донорға қолайлы жағдайлар жасалған. Орталық қан тапсыру үрдісіне қажетті заманауи жабдықтармен толықтай жарақтандырылған. Алдымен дәрігер қан қысымын, тобын, гемоглобинін, қауіпті топқа жатпайтынын анықтайды. Ал соңғы стерилді бөлмеде қан алу жұмыстары жүргізіледі.

Владимир Витченко, жастар мәслихатының депутаты:
Мен 2003 жылдан қан тапсырып жүрмін. Бұл үрдіске қатысуға студенттік кезімнен бел будым. Менің қаным біреудің өмірін аман сақтап қалуға қажет болады деп ойлаймын.

Республикалық “Өмір сүруге үміт сыйла” акциясы халық қалаулылары, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерінің қолдауын тапты. Соңғы Олимпиада ойындарында ұзындыққа үш адымдап секіруден ел намысын қорғаған Ирина мен Эвгений Эктовтар да игі шарадан шет қалмауды ұйғарыпты. Солтүстікқазақстандық кәсіпқой спортшылар жылына екі мәрте қан тапсыруды әдетке айналдырған.

Евгений Эктов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
Спортшы болғандықтан жиі қан тапсырамыз. Көбіне рұқсат етілмеген препараттарды қолданды ма, жоқ па соны анықтайды. Меніңше тексерістер бекер болмас үшін жарамды қан компонеттерін қан орталықтарына тапсырған жөн.  

Уақытша 450 мл. қаннан айрылудың донор үшін еш қаупі жоқ. Тіпті қан айналымы реттеліп, тазарады дейді мамандар. Облыс орталығының медициналық ұйымдарын сапалы қанмен қамтамасыз ету – бұл баршаға ортақ мәселе. Мәселен облыстық кардиологиялық орталықтың науқастарына ғана айына 14 литрдей қан қажет екен. Сондай-ақ акция барысында жілік майы донорларының тізімі құрылды.

Сабыржан Таукелов, СҚО қан орталығының директоры:
Қазақстанда жылына 300ден артық науқастың жілік майын жаңарту керек. Донарлардың ынтасы төмен. Қайырымды жандарды игі іске тарту үшін акция өтіп жатыр. Қан қажеттілігі де өте үлкен. Бұл екі маңызды шаруа тапсырушыларға еш зияны жоқ.

Акция қатысушылары донордан алынатын қан көмекке зәру науқастарға баға жетпес сый екенін жақсы түсінеді. Сондықтан әрбіреудің бұны санасына құйып алғаны жөн деседі.

Жеңіс Ермұқанов