Спорт

Футбол турнирі

 

 

Шағын футболдан аула клубтары арасындағы кезекті жарыс   7 кезең бойынша өткізілген. Онда ересек топтар арасында «Сантос» – бірінші, «Қайсар» – екінші орыннан көрінсе, «Двадцатка» командасы үшінші орынды қанағат тұтты.

 Вячеслав Гуменный, «Мяч» қоғамдық жастар ұйымының төрағасы:
– Турнир әрбір жексенбі сайын өткізілді.
Барлығы онда қала командалары мен Белое ауылынан 23 команда қатысты. Басты мәселе – қыс кезінде ойындарды өткізетін спортзалдың жоқтығында.

13 жасар Мырза Ахмедов 2 жылдан бері аяқ доппен әуестеніп келеді. Кіші топтар арасындағы кездесулерде оның «Спартак» командасы бірінші орынды иеленген.

 Мырза Ахмедов, «Спартак» командасының ойыншысы:
– Бұрын біздің командамыз «Барселона» деп аталған болатын.
Қазір біз оны «Спартак» деп өзгерттік. Біз біраздан бері футбол ойнап келеміз. Өткен жылы да командамыз жеңіске жетті.

Шағын футболдан кезекті турнир қыркүйектің 9-ы, яғни алдағы жексенбі күні бастау алады. Мұғалімдер күніне арналған ойын қазанның 16-сы күні қорытындыланбақ.

Әспет Әбдірешова