Қоғам

Әйелдер колониясында да оқу жылы басталды



 

3 жылға сотталған Анна Шишкинаның бостандыққа шығуға бір жылы қалыпты. Шалыс басқанын түсінген Анна осындағы уақытын тиімді пайдаланып, орта білім туралы аттестат алғысы келеді. Жазасын өтеуші  қоғамға пайдамды тигізсем дейді.

Анна Шишкина:

– Оқығым келеді. Қазақ тілі мен математика пәндері ерекше ұнайды. Компьютерді де меңгерсем деймін. Келешекте отбасымды асырау үшін жұмысқа орналасарда орта білім туралы аттестат,әрине, қажет болады.

Бұл сырттай кеңес беру пункті ЕС 164/3 ерлер колониясындағы кешкі мектептің бөлімшесі болып саналады.

Ермек Әбілмәнов, ЕС 164/3 кешкі мектебінің директоры:

– 30 адам 3 сыныпқа бөлініп оқиды: 8-ші, 10-шы және 11-ші сыныптар. Күніне 4-5 сабақтан өтеді. Сотталғандарды 10 мұғалім оқытады.

Мұнда қызмет ететін мұғалімдерге жалақы төлеу үшін қалалық бюджеттен 1 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Оқулықтар жеткілікті, толыққанды білім алуға жағдай бар.
Сондай-ақ, жазасын өтеушілер кәсіптік лицейде құрылысшы және тігінші кәсіптерін меңгере алады.

Данаш Хамзина