Спорт

Үздік балуандар мен олардың бапкерлері марапатталды


 

Облыстық күрес ассоциациясы осындай жиынды алғаш рет өткізіп отыр. Облысымызда еркін, қазақша, қыздар арасындағы күрес түрлері жақсы дамыған. Жыл басынан бері күрес бойынша ел аумағында және әлемдік сайыстарда жүлделі орындарға ие болған спортшылар мен олардың жаттықтырушылары марапатқа ие болды. Барлығы мұндай жетістікке 3 спортшы ие болды.

Болат Жұмабеков, СҚО күрес ассоциациясының президенті, Петропавл қаласының әкімі:
 – 2012 жылы спорт саласында бірқатар іс-шаралар өткіздік. Облыста күрес түрлері жақсы дамып келеді
, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да жоқ емес.

Ақшалай сыйлық пен марапатқа ие болғандардың бірі – Данияр Кәленов. 9 жылдан бері грек-рим күресімен айналысып келе жатқан ол Азия чемпионатының қола жүлдегері.

Данияр Кәленов, грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері:
  2004 жылы спортинтернатқа түстім. 5 сыныптан бері айналысып келемін. Азия чемпионаты ең үлкен жетістігім. Оның алдында да ҚР чемпионаттарында да жүлделі орындарға ие болдым.

Мұндай марапаттан спортшылардың жаттықтырушылары да шет қалмады. Олардың қатарында Павел Лященко, Қонысбек Төкенов пен Евгений Сорокин бар.

Павел Лященко, еркін және әйелдер арасындағы күрестен жаттықтырушы:
Жалпы еркін күрес пен қыздар арасындағы күрес ақырындап дамып келеді. Спортшыларымыз ел аумағынан тыс өткізілетін жарыстарға да шығады. Маған жаттығуға 30-ға жуық спортшы келеді.

Облыс бойынша 1676 спортшы күреспен айналысады екен. Жыл басынан бері олар өңірге 23 алқа әкелген.

Әспет Әбдірешова