Балалар

Білім күніне әзірлік

 

Алиса Комова ертеңнен бастап ойнауға аз уақыт жұмсайтын болады. Әріп пен сандарды жаттау, кітап оқу, үй тапсырмаларын орындау. Енді оның алдына бірқатар міндеттер қойылмақ. Дегенмен Алиса мектеп табалдырығын аттайтын күнді асыға күтіп отыр.

Алиса Комова:
Мен № 32 орта мектепке барамын. Менің барлық достарым сол мектепте оқитын болады. Бәріміз бірге уақытты көңілді өткіземіз деп ойлаймын.

Алиса сөмкесіне қалам, қарындаш, дәптерлері мен керек-жарақтың бәрін салып, жаңа бейнесіне тамсанып қарап қояды. Оның мектепке  дайындығы біршама. Санау мен жазуды да аздап біледі екен. Әжесі оның үлгерімі жақсы болып, өз құрдастарымен тез тіл табысатынына сенімді.

Светлана Устинова, Алисаның әжесі:
Алиса өте ақылды қыз. Сабаққа да жауапкершілікпен қарайды деп ойлаймыз. Алайда 1 қыркүйек күні алдында баршамыз қобалжып отырмыз.

Білім күнін асыға күтіп отырған ата-аналар мен оқушылар аз емес. Биыл 70 мыңнан астам солтүстікқазақстандық оқушы мектеп партасына отырмақ.

Инеш Шоқақова