Қоғам

Солтүстікқазақстандықтар Конституция күні мерекесін кеңінен атап өтті

Қазақстан Республикасының Конституциясы 17 жыл бұрын қабылданды. Ата Заңда “Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық” деп жазылған. Мейлі,

қандай ұлт өкілі болсын, барлығы Қазақстанның біртұтас жұртын құрайды.
Облыс әкімі Серік Біләлов орталық алаңға жиналған жерлестерді Конституция күнімен құттықтап, Ата заңның маңыздылығына тоқталды.  Құжатта бекітілген нормалар елді гүлдендіру мақсатында барлық азаматтардың бірлесіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып қызмет етулеріне жағдай жасайды. Бүгінде туған жердің биік тұғырдан көрінуі – ауыл мен қаладағы әр түрлі сала қызметкерлерінің еңбегінің арқасы. Осыған орай облыс әкімі мемлекеттің дамуы мен егемендіктің нығаюына елеулі үлес қосқан ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет, денсаулық сақтау және спорт саласының 33 өкілін “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл” медалімен марапаттады. Солардың бірі – Ғ.Мүсірепов ауданының Шұқыркөл селолық округінің әкімі Жаманқара Ерәлин өз кезегінде үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға алғысын білдірді. Бұдан кейін облыстың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға Конституция күніне орай облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты табыс етілді. Соңынан салтанатты шара көңілді мерекелік концертке ұласты.
 
Данаш Хамзина