Құқық қорғау органдары

Қаржы полициясының жеке құрамы кезектен тыс аттестациядан өтті

 

 

2 апта бойы өңіріміздің қаржы сақшылары жауапты қызметтеріне лайықты екендіктерін дәлелдеуге тырысып бақты. ҚР заңнамаларын жетік білетіндіктерін бір танытса, келесі кезекте әскери дайындықтарын көрсету талабы қойылды. Соңында 270 сұрақтан құралған 4 түрлі психологиялық сынақ тапсыру міндеттелді. Өкінішке қарай жоғарғы атестациялау комиссиясынан өткен басшылық қарамағындағыларға үлгі бола алмады.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
 – Президент жанындағы жоғарғы аттестациялау комисиясына департамент башысы мен 3 орынбасары қатысты. Оның қорытындысы бойынша 2 орынбасары қызметіне лайық деп танылды. Өзгелері аттестациядан өте алмады.

Айту керек қызметінен босатылған қаржы полициясының бұрынғы бастығы бұл лауазымында не бары 2-ақ ай жұмыс жасап үлгерген. Ал орталық атесттациялаудан 20 жылдан артық еңбек өтілі барлар өтті. Білікті мамандарға бастықтарының сәтсіздігі үлкен сабақ болса керек. Барлығы қатарда қалды. Тек біреуі атқарып жүрген лауазымынан төменгі қызметке ауыстырылды. Ал өңірлік деңгейде  қатардағы 120 қызметкер біліктілігін сарапқа салған болатын.

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:
 – Аймақтық аттестаттаудың қорытындысы бойынша 7 адам өз қызметтеріне сәйкес келеді. және жоғарғы лауазымдарға ұсынылады. 96 қызметкер лауазымына сәйкес келеді. 5 қызметкер төмен лауазымдарға тағайындауға ұсынылды. 3-н басқа қызметтерге ауыстыруға ұсынылса, 6 қызметкер мүлдем қызметіне сәйкес болмай шықты. Оларды қаржы полициясынан шығарып тастау ұсынылды.

 

Аттестациялаудың ашықтығына өңірлік деңгейдің комиссия құрамында болған біздің арна тілшілері көз жеткізген болатын. Мақсат сынақ арқылы құқық қорғау қызметкерлерінің қатарын тазартып антына берік,  сертіне адал білікті құрам жасақтау. Жалпы алғашқы жартыжылдықта өңіріміздің қаржы полициясы 143 қылмыстың бетін ашты. Оның 111 экономикалық заңбұзушылықтар. Бұдан мемлекет қазынасына келтірілген залал 612 млн теңгені құрап отыр.

Жеңіс Ермұқанов