Мәдениет

Конституция күні мерекесінің бағдарламасы

 

 

 

Конституция күніне облыста мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Концерттік бағдарламалар әзірленуде. Ортақ думаннан аудандар да тыс қалмайды. Кітапханалар мен мұражайларда Ата заңымызға қатысты танымдық шаралар өткізіліп, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылмақ. Ал Абылайхан резиденциясында мерекеге орай үлкен көрме жұмысын бастады.

Тамара Грибова,СҚО мәдениет басқармасының бөлім бастығы:
-Конституция күніне арналған бағдарламамыз ауқымды. Онда еңбектеген бала мен еңкейген қарияға дейін қатыспақ. Демалыс және мәдениет саябағында ҰОС ардагерлеріне арналған көңілді кешкі мерекелік концерт те ұйымдастырылады.

Мерекелік той-думан күндіз сағат 11-де Конституция көшесінің бойында өтпек. Бұл күні бүлдіршіндер де назардан тыс қалмайды. Облыстық қуыршақ театры «Алдаркөсе» қойылымын дайындап отыр. Ал, сағат 12-де “Салт-дәстүр”атты фестиваль өтпек. Оған өңіріміздің этномәдени бірлестіктері қатысады.
Мереке күні тәртіп сақшыларының да жұмысы көбейетіні сөзсіз. 500-ге жуық полиция қызметкерлері орталық алаңдарда кезекшілік ететін болады. Олар да сақтық шараларын бүгіннен бастап қолға алуда.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:
-Тәртіп сақшылары күшейтілген түрде өз жұмысын бастап кетті. Қала нысандарында кезекшілік етеді. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарының тыныштығы үшін.

Мерекелік шара лазерлік шоумен аяқталады.

 
Гүлбану Ахметова