Ауыл шаруашылығы

Қыркүйектің бірі аңшылық маусымы басталады

 

 

Күздің алғашқы күнінен 1 ай көлемінде суда жүзетін құстарды атып алуға рұқсат етіледі. Биылдан өзен-көлдерде тұзақ құруда міндетті түрде алдамшы дала қазын не үйрегін пайдалану талабы қойылады. Табиғат сақшылары бұны өзге атуға тыйым салынған қанаттыларды оққа ұшырмаудың қамында енгізілген жаңашылдық деп түсіндіреді. Саятшылық құрамын деушілер кезекті аң аулау маусымында осы текті бірқатар жаңа ережелерге бағынулары тиіс.

Олег Беспалов, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы:
 -20-шы кыркүйектен қабанға аңшылық жасауға болады. Ал қазан айының бірінен жабайы шошқамен қатар елік атуға рұқсат береміз. Қар түсісімен ақпанның 15-не дейін мамықты қоян, түлкі сынды аңдарды аулау мүмкіндігі жасалған. Тұяқтылар міндетті түрде қорықшының қатысуымен көз алдында атылуы тиіс.

Аңшылық құжаты болғанымен атып алған аңның өзіне рұқсат қағазы болуы шарт. Тамыздың бірінен заңды күшіне енген өзгерістер браконьерлердің жолын кеусудің бірден бір жолы. Жыл басынан аң аулау ережелерін өрескел бұзудың 8 фактісі тіркеліпті. Қоршаған ортаға келтірілген залал 2,5 млн теңгеге бағаланды. Бүгінде шығынның 3/2 қайтарылды. Табиғат сақшылары тағы 300 мың теңгенің айыппұлы салынған 60-қа тарта хаттама толтырған.

Ережеп Жанатаев, СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары:
 – Тексеріс шаралары күшейтілетін болады. Көліктегі аңшылыққа қажетті құралдардың барлығы жіті тексеріледі. Әрбірінің құжаты болуы шарт. Ал өз кезегімізде барлық ережелерді елейтін әуесқой аңшылардың ермегіне шектеу қойылмайды деп сеніммен айта аламыз. Аңшылық шаруашылықтары маусымды бастап кетуге толықтай дайын.

Биыл аңшылық шаруашылықтарына жаңадан 4-уі қосылып 36- ға дейін жетті. Саятшылық құрудың жалпы аумағы 9 млн Га ұлғайтылды.

Жеңіс Ермұқанов