Қоғам

“Ата Заң – тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі”

Дөңгелек үстел басындағы жиын мемлекеттің бас заңы – Конституцияның тармақтарын талқылаудан басталды. Ата заңымыздың бірінші бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары делінген. Жиынға қатысушылар мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілік жайында сөз өрбітті.

Зухра Ауғанбаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:
 
Конституцияда әр азамат орта білім алуға міндетті делінген. Қазіргі таңда білім беру саласына ерекше көңіл бөлінуде.

Жиынға сот органдарының, білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ ардагерлер мен өскелең ұрпақ өкілдері жиылды.

Эльмира Сәдуақасова, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп оқушысы:
 
Мен 9 сыныпта оқимын. Конституцияға байланысты сынып сағаттарын өткіземіз. Ата заңымызды білеміз деп айта аламын.

Еліміздің әрбір азаматы сенімді өмір сүріп, білім алып, еңбектеніп, өзінің жанына жақын ісімен айналысады. Өйткені бұған Конституция кепіл бола алады дейді жиынды ұйымдастырушылар.

Валентина Шидловская, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бас кітапханашысы:
 
Бүгінгідей жиындарды өткізу өте маңызды. Конституция күні қарсаңында жыл сайын дөңгелек үстелдер мен түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Әсіресе, жастарға мол ақпарат беруге тырысамыз.

Инеш Шоқақова