Спорт

«Қызылжардың» тағы бір жеңісі


 

Қызылжарлықтар өткен ойында Шымкент қаласының «Биік» командасын 2:0 есебімен ойсырата жеңген болатын. Сөйтіп, біздің аяқдоп шеберлері 9-шы орынға тұрақтады. Бұл жолы Қарасай стадионында алаң иелері Алматының «ЦСКАсын» қабылдады. Қарсылас құраманың рейтингі қызылжарлықтарға қарағанда әлде қайда төмен,15-ші орында тұр. Әйтсе де, ойынның алғашқы таймы бірден тартысты басталды. Екі жақ та қақпаға шабулдаумен болды. Қарсылас команданың бір-біріне қарай бағыттаған доптары көздеген нысанаға жетпей қойды. Футбол сүйер қауым біздің команданың жеңіске жететініне сенімді болып, барынша қолдап отырды.

– Біздің команда екінші таймда жеңіске жетеді. 1:0 есебімен.
 – Екі команданың да шабуылы жақсы әйтседе, біздікілер осал емес.

Үзілістен кейін аяқ доп шеберлері алаңға қайта шықты. Екінші тайм біріншіге қарfғанда қыза түсті. Қызылжарлықтар қарсыластарына мықты екендіктерін көрсете білді. Жанкүйерлердің жеңіске жетеді деген үмітін біздің құрама ақтай білді. Сөйтіп, олар “ЦСКА” командасының қақпасына алғашқы голды енгізіп, бірінші болып есеп ашты. Кейін де, қызылжарлықтар тағы да допты көздеген нысанаға бағыттай білді. Сөйтіп, ойын 2:0 есебімен, алаң иелерінің пайдасына шешілді. Келесі кездесу қыркүйектің 22-сі өтеді. Онда қызылжарлықтар «Іле-Сәулет» командасын қабылдамақ.

Гүлбану Ахметова