Қоғам

Ардагерлер Петропавлдың көрнекті жерлерін аралады


 

Ардагерлердің мұндай саяхаттарға алғаш рет шығуы емес. Алдымен қарияларды бастаған топ мемлекеттік рәміздер алаңына жиналды. Мұнда оларға экскурсия жүргізуші мемлекеттік нышандардың тарихы мен олардың авторлары жайлы баяндады. Ардагерлер облыс орталығында болып жатқан оң өзгерістер мен тың жаңалықтардан да құлағдар болды. Бұл шараны ұйымдастырушылар Конституция күні қарсаңында аға буын өкілдерінің көңілін көтеріп, осылайша сыйлық жасауды шештік дейді.

Сара Тасеменова, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары:
 – Қалалық ардагерлер кеңесінің шешімімен бізде былтырдан бері талай қала аралап экскурсиялар, Астанаға 4 экускурсия болды. Ертең 44 адам біздің ардагерлер Астанаға аттанады. Ардагерлеріміздің қаламыздың дамуына қосқан өз үлестері бар. Мұндай сапарларға олар қуана-қуана барады.

Бүгінде Петропавлда 36 000-нан астам зейнеткер мен 156 ардагерлер ұйымы бар екен. Валентина Дубовская бір кездері жұмыс істеген шағын литражды қозғалтқыш шығаратын зауытта ардагерлер кеңесінің төрайымы. Осы күні ұйымда 400-ге жуық аға буын өкілдері бар. Мұндай саяхаттарды ешқашан қалт жібермеуге тырысамын дейді Валентина әжей.

Валентина Дубовская, зейнеткер:
 – Бұған дейінгі саяхаттарда Жеңіс саябағында, Юбилейная көшесі бойындағы жаңа ауданда болдық. Қаламыздың көрікті жерлерін аралаған өте ұнайды.

Екі сағаттың ішінде ардагерлер қаланың бірқатар көрнекті жерлерін тамашалап, марқайып қалды.

Әспет Әбдірешова