Аптадағы маңызды жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы



 

Мемлекетттік сатып алу мәселесі «Нұр Отанның» облыстық филалында өткен отырыста қаралды. Өйткені,дәл осы салада сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездеседі дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Мысалы, қаржы полицейлері өткен жылы 16 қылмысты әшкерелесе, биыл 9-ы тіркеліпті. Бұл заңбұзушылықтар әкімдіктерде, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру және құрылыс салаларында орын алған.

Сәбит Байтеленов, СҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы:

– Көбінесе, кейбір лауазымды тұлғалар жеке басының қамын ойлап, мемлекеттік сатып алу процесіне өз кәсіпорындарын араластырады. Тағы қызмет түрі мен тауарлардың нақты бағасын көтеріп, жалған құжат жасайтын жағдайлар да кездесті.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Мамлют ауданында да жүргізілді. Жұмыс нәтиже беріп, мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстар 36 есеге азайған.

Қанат Қалиев, Мамлют ауданының әкімі:

Қаржы бақылау инспекциясы өткен жылы 8 мемлекетік мекемені тексерген болатын. Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алуды сәйкесінше жүргізбеген 5 маманға ескерту айтылып, 4 мектеп директорына сөгіс жарияланды.

Қоғамдық кеңестің отырысында жемқорлықтың шығу себептері мен оған қарсы қолданылатын тиімді шаралар қарастырылды. Сондай-ақ, білім, денсаулық сақтау және құрылыс салаларында жүргізілген мемлекеттік сатып алу нәтижелері сөз болды.

Данаш Хамзина