Қоғам

ҚР Конституциясы күніне арналған ғылыми-практикалық конференция

 



Ата Заңымыз – демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен азаматтық қоғамның негізі. Ал бұл елімізді дамытып, өркендетудегі басты бағытымыз. Демек, халықтың әл-ауқатын жақсарту басымдықтардың бірі болып қала бермек. Яғни, азаматтарға сапалы білім беріп, қолжетімді медициналық қызмет көрсетуге үлкен көңіл бөлінеді. Аға буынды қамқорлыққа бөлеу де айырықша назарда. Бұл орайда мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыты – халықты жұмыспен қамту және еңбек қатынастарын тиімді реттеу екенін айту керек.

Людмила Голенкова
, облыстық кәсіподақтар кеңесінің бас маманы:
-Конституция- азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын бекітетін негізгі құжат. Ата заңға сай, әрбір адам еңбек етуге, қалаған маманды
қ пен кәсіпті таңдауға құқылы. Бұл орайда мемлекет тарапынан еңбек қатынастары реттеледі. Айту керек, нарықта сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге ынталандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ елімізде мамандарды оқытуға, даярлауға, біліктіліктерін арттыруға үлкен көңіл бөлінеді.

Кездесуде еңбек адамының бостандығы мен құқықтарын қорғау мәселесі сөз болды. Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау кәсіподақтарға жүктелген.

Назымбек Оразымбетов,  “СҚО білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы” ҚБ төрағасы:
 -Ұжымдық келісімшартта осы жағдай бекітілген. Еңбек адамының құқығын қорғау, еңбек демалысына қатысты жағдай, жалақыны уақытында алу – бұл мәселелер заң бойынша қарастырылған.

Жиында мемлекет басшысының “Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” бағдарламасы да талқыланды. Әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді үлгісін қалыптастыру- алда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Мақалада мемлекеттік жүйені жетілдіру, азаматтық қоғамды дамыту, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын қорғау жүйесін нығайтудағы өзекті мәселелер айқындалған.

Айымгүл Әбілева