Қайырымдылық

Мектеп оқушыларына материалдық көмек

 

 

Жаңа оқу жылының басталуына бір-ақ апта қалды. Сөмке, қалам-қағаз сынды алатын заттар жетерлік. Ал № 31 орталау мектептің бір топ оқушылары кеңсе тауарларын сатып алып әуреленбейтін болады. Мұнда жыл сайын «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.

Жақсылық Мизамиев,  № 31 орталау мектеп оқушысы:
– Маған өте ұнады. Мектепке қажетті кеңсе тауарларын алғанымыз жақсы.

Қазіргі таңда мектепте 330 оқушы білім алуда. Оның 41-і әлеуметтік аз қамтылған жанұялардан.

  Ирина Климова, № 31 орталау мектеп директоры:
-Бүгін кеңсе тауарлары табысталған оқушылардың үлгерімі жақсы. Біз оған да аса көңіл бөлдік. Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін оқушыларға киім-кешек алуды да жоспарлап отырмыз. Демеушілерді де тартатын боламыз.

Елена Елисеева «Мектепке жол» акциясы ата-аналар үшін зор көмек дейді. Аталмыш білім ордасында оның 2 баласы оқиды екен. Отбасы үшін екеуін бірдей жаңа оқу жылына даярлау аздап қиындық туғызатын көрінеді.

Елена Елисеева, ана:
-Менің 1 балам 1-ші және екінші балам 3-ші сыныпқа көшті. Жыл сайын «Мектепке жол» акциясы аясында көмекке ие боламыз. Әрине, бұл біз үшін көмек.

Мектепке қажетті құрал-жабдықтарды алу үшін 180 мың теңгеден астам қаражат бөлініпті.

Инеш Шоқақова