Қоғам

Александр Винокуров Бескөлде жерлестерімен кездесті

Олимпиада чемпионын ұлықтап, құрмет көрсетуге жиналған бескөлдіктердің қатары қалың болды. Елге  жеңіспен оралған арда ұлдарын жерлестері ерекше мақтаныш сезімімен қарсы алды.

Виктор Редин, Қызылжар ауданының әкімі:
-Александр әрбір спортшының арманына айналған олимпиаданың алтынын жеңіп алды. Сондықтан да оның өмір жолы – көпшілікке үлгі боларлық. Әсіресе жаңада өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін.

Александр велоспортқа келгенде алғаш рет оның мүмкіндіктерін аңғарып, баулыған жаттықтырушысы Сергей Кручина да оқушысының әрбір жеңісін ерекше тебіреніспен еске алды.

Сергей Кручина, велоспорттан СҚО аға жаттықтырушысы:
-Александр маған алғаш рет 11 жасында, 4-сыныпта оқып жүргенде келген болатын. Ол өзінің ең алғашқы жеңістерінің біріне 1986 жылы Сарань қаласында жеткен болатын.

Кейін Александр Винокуров Бескөл орта мектепгимназиясының тәрбиелеушілерімен жүздесті. Білім ошағында спортшы алты жыл оқыпты. Есімі әлемге танылған толағайды қарсы алып, қолтаңбасын алуға асық болғандар оны қаумалап, жібергісі келмеді. Ал бүлдіршіндер даңқты жерлестеріне арнап жүрекжарды тілектерін өлеңмен жеткізді. 280 орынға шақталған Александр Винокуровты асыға күткен келесі нысан  «Мирас» бөбекжайбақшасының ұжымы болды. 2011 жылы бой көтерген балалар бақшасында бүлдіршіндердің жастайынан спортқа ден қоюына баса мән берілген.

Александр Винокуров, Олимпиада ойындарының жеңімпазы:
– Бүгінде мұндай жағдайды көп жерде көре бермейсің. Біздің кезімізде дәл осындай жағдайлар жасалған жоқ. Мен Бескөл ауылының бұдан да көркейе беруіне тілектеспін.

Ал СҚО Ішкі істер департаментінде Александр Винокуровты полицияның жеке құрамы, Ішкі істер органдарының ардагерлері мен 6637 әскери бөлімінің өкілдері күтіп алды. Бүгінде Александрдың полиция подполковнигі деген шені бар. Салтанатты жиын барысында спортшыға қызмет куәлігі тапсырылып, ІІМ деген белгісі бар қол сағаты мен «Қазақстан полициясына – 20 жыл» төс белгісі тапсырылды.

 Жылы шырайлы кездесуден кейін Александр қазақ мектеп-гимназиясында болды. Онда чемпион мектептің мұражайымен танысып, оқу ордасының тәрбиеленушілерімен жүздесті.

Әспет Әбдірешова