Ауыл шаруашылығы

М.Жұмабаев ауданында ауыл еңбеккерлерін ынталандыру шаралары қолданылуда

 

 

Ағалы-інілі Баймұратовтардың әкесі бір кездері Қоскөл ауылын басқарған. Ағайындылар әке жолын қуып, тізгінді өз қолдарына алыпты. Осыдан 20 жыл бұрын  қаңырап бос жатқан жерде бүгінде 4 бидай сақтайтын қойма,  астық тазалау мен өңдеуге арналған қырман және қызметкерлерге үй тұрғызылуда. Асхана, кеңсе де бой көтермек. Жолдарды жөндеу де жоспарланған. Енді Қоскөл аулы жаңа кейіпке енбек.

Қанат Баймұратов, «Pика kz» ЖШС директоры:
– 2000 жылы өз үйімізді тұрғызған болатынбыз. Биыл басқарушыға баспана салып жатырмыз. Тұрғындарды жұмысқа орналастырудамыз. Жалақылары жақсы. Сыйақы беріп тұрамыз. Оның үстіне жыл сайын қызметкерлеге автокөлікке пайызсыз несие береміз.

Бүгінде серіктестік бидайдың қатты және жұмсақ  сорттарын өсіреді. Алғашында Баймұратовтар кәсібін 200 гектар жерді өңдеуден бастаса, бүгінде алқапты 5 мың гектарға  дейін кеңейткен. Аянбай тер төгудің арқасында  олар осындай жетістіктерге жетіп отыр.  

Ал “Колос” шаруа қожалығында 65 адам жұмыс істейді. Мұндағылардың да көбі ата-баба кәсібін жалғастыруда.  

Сергей Коварж, «Колос» ШҚ директоры:
Қызметкерлер жыл соңында 13 – ші жалақыларын алады. Әр мерекеде сыйақы беріп тұрамыз. Алда енді Конституция күніне орай сыйақы беруді жоспарлап отырмыз. Тәуелсіздік күні тағы бар.

“Авангард СКО” ЖШС өнімді ысырапсыз жинап алу үшін өзінің техника паркін итальяндық “Лаверда” комбайндарымен толықтырды. Агроқұрылым жетекшісінің айтуынша орақ науқанын ең бірінші аяқтаған механизаторларға сыйлық беріледі.  

Сайлау Әубәкіров, «Авангард СКО» ЖШС директоры:
– Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай серіктестігіміз озат мамандарға ақшалай сыйақы табыстамақ. Осының арқасында сапаға қол жеткіземіз. Оның үстіне механизаторлардың да қызығушылықтары артады.

Кез-келген саланы дамыту үшін аянбай еңбек ету керек деп санайды Мағжан Жұмабаев ауданындағылар.  

 Материалды «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілері дайындады