Денсаулық сақтау

«Үй докторы»



 

Үй жағдайында емделуге мүмкіндік беретін ресейлік Елатом зауытының өнімдері жоғары сұранысқа ие. Медициналық аспаптар көрмесіне келушілерге оларды қалай дұрыс пайдалану керектігі мен тиімділігі кеңінен түсіндіріледі. «Алмаг» пен «Мавит» аппараттары созылмалы простатит, остеохондроз, гипертония ауруларын дәрі-дәрімектің көмегінсіз емдеуге зор мүмкіндік береді.

 Тамара Хегай, «Елатом» ЖШС менеджері:
– «Магофон» құрылғысы да «Алмаг» сияқты емдейді. Бір артықшылығы онда жүйке жүйесін тыныштандыратын вибромассаж бар. Көпшіліктің сұранысына ие «Алмаг-02» аппаратының «Алмаг-01»-ден айырмашылығы көлемінің үлкендігінде. Әрі жарақат зардаптарын, варикоз және басқа да ауруларды емдейді.

Физиотерпиялық «Фея» препараты созылмалы гайморит, ринит, тонзилит сынды дерттерді емдейді. Ал «Теплон» құрылғысын барынша кеңірек, яғни бүкіл ағза аурулары үшін тиімді қолдануға болады.

 Тамара Хегай, «Елатом» ЖШС менеджері:
– «Теплонды» мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфра қызыл сәулелері бел, буын, тыныс алу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы.

Елатом зауыты медициналық аппараттарының көрмесі 24-27 тамыз аралығында өтеді. Құрылғылардың жарамдылығына 2 жыл кепілдік беріледі.

 
Әспет Әбдірешова