Бизнес және экономика

Есепшілер білім жетілдірді

 

 

 

Білім бөлімі мен қалалық оқу ордаларының бас есепшілері қайта даярлау курсынан өтіп, қазақстандық үлгідегі сертификатқа ие болды. Бас есепшілер 8 күн, ал қатардағы есепшілер 5 күн ішінде «Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары» пәні бойынша дәріс тыңдады. 

Нүри Рүстемова, қалалық білім бөлімінің бас есепшісі:

– Білімі жоғары мұғалімдер бізге сабақ берді. Қаңтар айынан  2013 жылдан бастап мемлекеттік мекемелерде жаңа шоттарға өтеміз. Осының қыр-сырын меңгеріп-оқып, бүгін мына дипломды алып жатырмыз.

Аталмыш сертификатқа жоғары білімі бар мамандар ғана ие бола алады. Курстан өткендердің ішінде есеп-қисаппен көптен айналысып жүргендер де бар. Жангүл Құрманғалиева бұл салаға 4 жылын арнапты. Оқу барысында есеп жүйесіндегі жаңашылдықтармен таныстым дейді ол.

Жангүл Құрманғалиева, №26 мектеп-балабақшасының бас есепшісі:  

Жаңа есеп-шоттарға ауысып жатырмыз. Соған үйрендік. Соның баланстарын үйрендік. Спецификалары жөнінде толық мағлұмат алдық.

Есепшілердің білімін жетілдіру мен қайта даярлауда «Содэль» бухгалтерлік фирмасының зор үлесі бар. Орталық 2005 жылдан бері көптеген есепшілердің біліктіліктілігін көтерген. 2011 жылы орталықта 100-ден аса маман ұлттық үлгідегі сертификатқа ие болды. Бухгалтерлік есеп бағдарламасында бірқатар өзгешеліктер бар. Сөйтсе де, аталмыш жүйе мемлекеттік ұйымдар есепшілерінің жұмысын әлдеқайда жеңілдетері сөзсіз деген ойда мамандар.

Наталья Алексеева, «Содэль» бухгалтерлік фирмасы» ЖШС директоры:

-Бізге курстан өтушілер өздерінің бухгалтерлік баланстарын әкелді. Құжат негізінде олардың жаңа жүйеге ауысуын талқыладық.  Барлық мекемелерде бухгалтерлер бірыңғай есеп жүйесінде жұмыс атқарады. Сондықтан  мемлекеттік мекемелер қызметкерлері үшін атамыш жүйе өте ұтымды.

Қазақстандық кәсіби бухгалтер сертификатын «Содэль» бухгалтерлік фирмасы»  37 маманға табыстады.

Әсел Күшенғалиева