Қоғам

Ардагерлерге арналған концерт



 

Облыстың шығармашылық ұжымдары орындаған халық әндері мен билері жиналған жұртты баурап, көңілдерін шаттыққа бөледі. Сахна төрінде республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпаздары өнер көрсетті. Қариялардан құралған “Ардагерлер хоры” да аянып қалған жоқ. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қарияларға үлкен көңіл бөлінуде. Олар да қоғамнан алшақтамай, ел өміріне белсене араласып жүр. Ардагелер ұйымдарының белсенділері аймақтарда болып, бір-бірімен пікір алмасуы осыған дәлел. Бұған дейін олар Көкшетау қаласында болыпты. Сағынай Сейтжанов Ақмола облысының Астрахань ауданынан келген. Қария біздің өңірде көрсетілген жылышырайлы қабылдауға дән риза екенін жасырмады.

Сағынай Сейітжанов, Астрахань ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысы:
Қызылжарға кеше келдік. Әкіммен бірге ардагерлер бір ел болып қарсы алды. Біздің алған әсеріміз мол.

Ғайша Нұрымова да кезінде сахна төрінде ән айтып жүрген екен. Тыл еңбеккері кеште шырқалған әндер менің есіме көп нәрсені салды дейді.

Ғайша Нұрымова,тыл еңбеккері:
Маған кеш қатты ұнады. Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін өз өнерін паш етті. Кезінде өзім де сахнада хор сапында 12 жыл ән айттым. Мені кешке шақырғандарына ризамын.

Ардагерлер ұйымының белсенділері бүгін тағы бір жиында бас қоспақ.

Гүлбану Ахметова