Қайырымдылық

“Жұлдызайдың” қайырымдылық акциясы



 

Оқу жылы басталуға жақын қалды. Әрбір бала қыркүйектің 1-нде сыныптастарынан қалыспай, мектепке арналған су жаңа сөмке мен түрлі-түсті қарындашқа ие болғысы келеді. Мұндай сыйлық бүгін 22 балаға тарту етілді. 8 жасар Әлия мүгедек болғандықтан үйде сабақ алады екен. Әлияның анасы Гүлвира көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді. Жетім және жарымжан балалар сыйлықты көре салысымен көңілдері көтеріліп, сөмке ішін қызыға ақтаруға кірісті. Өңірде “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы басталғалы бері көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы, ата-ана қарауынсыз қалған және жетімдер, барлығы 3 300 балаға 14 млн теңгенің көмегі көрсетіліпті. “Мектепке жол” акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Данаш Хамзина