Бизнес және экономика

Мемлекет пен бизнестің әріптестігі



 

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыратын тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Түптеп келгенде мемлекет пен жеке меншік әріптестігінің дамуы – бұл ел халқының тұрмысын жақсартуға септеседі деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Қайрат Бекенов
, СҚО әкімінің орынбасары:

Бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау керек. Өз кезегінде кәсіпкерлер де қарап қалмағаны жөн. Өңірімізде  білім және денсаулық саласына баса көңіл бөлу керек.

Жиын барысында мемлекет пен жеке меншік сектордың өзара іс-қимылын дамыту схемалары жайлы айтылды. Олардың халықаралық тәжірибеде қолданылуы, серіктестіктің қазақстандық үлгісін қалыптастыру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Ғабит Шайкин, “Мемлекет пен жеке меншік әріптестігінің қазақстандық орталығы” АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Екіжақты әріптестікті орнату үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді. Әрине, түрлі жобаларды қолға алған кезде іскер азаматтар тәуекелге барады. Бірақ барлық тәуекел жағдайлардан сақтандыру бағытында бюджеттен қаржыландыру, кепілдік, тапсырыстар және гранттар қарастырылған. Елімізде екі жақты серістестік орнатуға болатын бірқатар салалар баршылық.

Атап айтқанда, екіжақты әріптестік шеңберінде өңірде балабақша, мектеп, аурухана және спорт нысандарының құрылысын жүргізу көзделіп отыр. Семинар-кеңес 2 күнге созылмақ.

Әсел Күшенғалиева