Қоғам

Ардагерлер делегациясы Петропавл кәсіпорындарын аралады



 

Ең алдымен Ақмола облысының ардагерлеріне «Петропавл ауыр машина жасау зауытының» мұражайы көрсетілді. Қорғаныс техникасына қажетті бөлшектер мен ауыл шаруашылығы құралдарын шығаратын кәсіпорынның тарихы бай. Ақмола облысы Жақсы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Зияда Нұржан мұндай зауыт ел мақтанышы дейді.

Зияда Нұржан, Жақсы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысы:
Мұндай зауыттың бар екендігін білдік. Дегенмен осыншалықты қуатты екенін білмепппіз. Өте құнды заттар шығарады.  

Бұдан соң қонақтар энергетикалық машина жасау цехының жұмысымен танысты. Мұнда жаңа, заманауи станоктар жұмыс істеуде. Тиісінше, жұмыс өнімділігі де жоғары. Жалпы Ақмола облысының ардагерлері СҚО болып жатқан оң өзгерістерге көз жеткізгендіктерін айтады.

Мақсұт Баймұрынов, Ерейментау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Ақмола облысы:
СҚО ардагерлерге аса көңіл бөлінетіндігін көрдік. Бірқатар кәсіпорындарды араладық.  

Жергілікті ардагерлер де мұндай кездесулердің маңызы зор деген ойда.

Иван Гавшин, Тайынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Біз үшін көршілес облыстың ардагер кеңесінің жұмысы жайлы кеңірек білу өте маңызды. Кейбір шараларды өз тәжірибемізде қолданамыз. Өзіміздің ойларымызбен де бөлісеміз.

Ардагерлер әлі де бірқатар кәсіпорындарды аралауды жоспарлап отыр.

Инеш Шоқақова