Қоғам

Солтүстікқазақтандық ғалымдар автоматты бұрғылау қондырғысын жасап шығарды

 

 

 

Техника ғылымдарының докторы Амандық Төлешов бұрғылау роботының әлемде аналогы жоқ дейді. Профессордың қырғызстандық әріптестерімен жасап шығарған машинасы – жер қазу мен құрылыста таптырмас құрал болып табылады. Өзге кен опыратындардан он есеге қуатты құлтемір жер апшысын қуырады. Бұл құрылғының өнімділігі нақты дәлелденген. Өйткені  роботтың тәжірибелік үлгісі қырғыз елінде қолданылып жатыр. Профессор Амандық Төлешов бұрғылау роботының ыңғайлы екенін айтады. Оның еңкіш жұмыс істеу бұрышы 55 градус, салмағы небары 600-ақ келі. Енді академиктің осындай тағы бір роботты солтүстікқазақстандық өндіріске енгізу ойы бар. Аталған озық жоба “Инновациялық форсаж” республикалық байқауына ұсынылған. Қазір Амандық Төлешов 9 жобаны жетілдіруге қатысуда, соның 5-уі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де жасалған.

Данаш Хамзина